Жаңа өнім Энзимакс Форте
Ас қорытуға арналған құралдар

Энзимакс Форте

Энзимакс® Форте — тағамға биологиялық белсенді қоспа: «капсула ішіндегі капсула» түрінде асқазанда және ішекте екі есе босап шығатын 8 асқорыту ферменті.

Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрі емес.

Құрамы
1 капсулада: липаза 13 000 FIP, амилаза 6 650 DU, протеаза 4.5 — 4 120 HUT, протеаза 6.0 — 3 000 HUT, бейтарап бактериялық протеаза 3 000 PC, альфа-галактозидаза 125 GAIU, глюкоамилаза 26 AGU, протеаза 3.0 — 15 SAPU
Шығарылу түрі
капсулалар
Қаптамасы
№20

Қосымша парақ

ҚОСЫМША ПАРАҚ

ТҰТЫНУШЫҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Тағамға биологиялық белсенді қоспа

Энзимакс® Форте

Назар аударыңыз! Қолданар алдында осы қосымша парақты оқып шығыңыз. Бұл қосымша парақты сақтап қойыңыз, кейін қайта оқып шығу қажет болуы мүмкін. Егер Сізде сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

1 капсуланың құрамында

Фермент Ішкі капсула Сыртқы капсула Барлығы
Липаза 9 000 FIP 4 000 FIP 13 000 FIP
Амилаза 4 500 DU 2 150 DU 6 650 DU
Протеаза 4.5 1000 HUT 3 120 HUT 4 120 HUT
Протеаза 6.0 3000 HUT – 3000 HUT
Бейтарап бактериялық протеаза 3 000 PC – 3 000 PC
Альфа-галактозидаза 125 GAIU – 125 GAIU
Глюкоамилаза 12 AGU 14 AGU 26 AGU
Протеаза 3.0 – 15 SAPU 15 SAPU

Капсула құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (пленка түзуші материал), темір тотығы (E172) (бояғыш), геллан камеді (гель түзуші агент).

100 г өнімнің тағамдық жəне энергетикалық құндылығы: ақуыздар – 25.13 г, майлар – 1.4 г, көмірсулар – 64.17 г, калориялылығы – 369.8 ккал/1547.24 кДж.

Қолдану саласы

Тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады — асқорыту ферменттерінің тапшылығы немесе теңгерімсіздігі салдарынан асқорытудың функциялық бұзылуы кезінде асқорыту ферменттерінің қосымша көзі.

Энзимакс® Форте – асқазанда да, ішекте де ферменттердің екі есе босап шығуын қамтамасыз ететін «капсула ішіндегі капсула» кезең-кезеңімен босап шығатын асқорыту ферменттерінің кешені.

Энзимакс® Форте тағамдық ақуыздардың, көмірсулар мен майлардың толық қорытылуына тиімді ықпал етеді. Энзимакс® Фортенің оңтайлы ферменттік белсенділігі және капсулалық технологияның арқасында екі есе босап шығуы асқорытудың бұзылуын жеңуге және ақуыздар, көмірсулар немесе майлар жақпаушылығының орнын толтыруға көмектеседі.

Қолдану әдісі

Ересектерге тәулігіне 1 капсуладан тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Компоненттердің жеке жақпаушылығы, 18 жасқа толмаған балалар.

Ескертулер мен сақтандыру шаралары

Ұсынылатын тәуліктік дозадан асырмаңыз. Жүктілік және лактация жағдайында дәрігермен кеңесу қажет. Толық және үйлесімді тағамның орнына пайдаланбаңыз. Асқорыту жайсыздығының симптомдары сақталса, дәрігерге қаралу ұсынылады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Шығарылу түрі

10 капсуладан блистерде, 2 блистерден қосымша парақпен н бірге картон қорапқа қапталған.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Дәрі емес.

Өнімді дәріхана желісі және мамандандырылған дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде сатуға болады. Сату орындары ЕАЭО-ға мүше- мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

Өндіруші

«AORA HEALTH TECHNICAL SERVICES, S.L., C/ Vía de los Poblados n° 17, Planta 2, Nave 20. 28033-Мадрид, Испания.

Импортер/Қазақстан Республикасында тұтынушылардың сапа жөніндегі шағымдарын қабылдайтын ұйым

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Өндірістік аймақ, 282.

Тел.: +7 (727) 356-11-00, 8-800-070-1100.

Электронды пошта: info@aigp.kz

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №

Өз бетіңізше емделу денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін.

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңесіңіз. Осы сайттағы ақпарат дәрігердің немесе фармацевтің кеңесін алмастыра алмайды. Толық ақпарат алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Жағымсыз әсерлер туралы хабарлау